• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылордадағы жаңа перинаталды орталыққа  135 медициналық құрылғы орнатылады 05.10.2014

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған Қызылордадағы жаңа орталық 200 орынға арналған. Онда 100 дәрігер мен 600 орта деңгейлі медициналық қызметкер еңбек етеді. Қазіргі таңда онда екі бөлім жұмыс істейді: күндізгі стационар мен кеңес беру бөлімі. 

«Бүгінде онда заманауи озық медициналық құрылғы орнатылған. Қажетті деген қондырғылар әкелінген. Атап айтар болсақ олар 135 түрлі құрылғы. Сонымен қатар орталыққа 270 дана түрлі медициналық бұйымдар әкелінді. Олардың арасында технологиялық құрылғыларды алу үшін республикалқы бюджеттен 1 млрд 125 млн теңге бөлінген. Екі апта ішінде осы қондырғылардың бәрі орнатылады», - дейді орталық меңгерушісі Ләйлә  Құлтаева.

Айта кетейік, бұрындары өңірдегі асқынған аяғы ауыр әйелдер елордаға жіберілетін енді Қызылорданың өзі оларды қарай алады.


Back to the list