• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму мәселелері талқыланады 20.09.2014

Г.Н.Әбдіқалықова қала басшылығымен және тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізіп, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы проблемалық мәселелерді талқылап, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тиімділігін арттыру бойынша міндеттер қояды.

Соңғы 3 жылда Алматыда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 33% артты. 2014 жылы қаланың бір тұрғынына шығын 42 517 теңгені құрады. Алматыда «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» және «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік тіректер және емханалар құрылысы» жобалары іске асырылуда.  

«Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қағидаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Жүйе алғашқы медициналық алғашқы көмек деңгейінде қызмет сапасын арттыруды қамтамасыз етуге қажетті емханалар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады. Сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары үшін жан басы нормативіне ынтыландыру компонентін (учаскелік дәрігердің жалақысына берілетін қосымша еңбекақы көлемі жұмыс нәтижесіне байланысты болады) енгізу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада. 


Back to the list