17.09.2014
«В және С гепатитіне шалдыққан Атырау облысы пациенттерінің электронды мәліметтер базасында 569 адам тіркелген. Соның 193-і 2011 жылдан бері ем қабылдап жатыр. 70 адам курсты аяқтап, 77-сі әлі ем қабылдауда. Ал тағы 40 науқас белгілі бір себептерге байланысты курсты тастап кетті», - делінген хабарламада.
Мемлекет есебінен тегін ем бірнеше жылдан бері жүргізілуде. Бұрындары осынау сырқатқа шалдыққандар облыстық инфекциялық ауруханада қаралды. Енді олар облыстық аурухана жанындағы гепатологиялық орталыққа жүгінеді.
Бағдарламаға сай, 2013-2014 жылдары фибриоздың ауыр түріне шалдыққан науқастар емделеді. 2015-2016 жылдары жеңіл сырқатқа жалдыққандарға да көмек көрсетіле бастайды.