31.08.2014
«Конституция күні қарсаңында Аршалы ауданы 1500 тұрғыны бар Анар станциясында тәулігіне 25 адамға дейін қабылдай алатын жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті. Аталмыш жобаның құрылысы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Нысан құрылысына облыстық бюджеттен 174 млн теңге жұмсалды. Ғимараттың жалпы ауданы 320 шаршы метр.
Ауылдық амбулатория заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Жылыту жүйесіне қосылып, су құбыры мен кәріз жүйесі жүргізілген.
Онда барлық қажетті кабинеттер бар. Атап айтар болсақ дәрігерге дейінгі қабылдау, терапевтік, педиатрлік, процедуралық, хирургиялық және сау бала комнатасы және басқаралары.