28.08.2014
ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, ауданда халықты ақпараттандыру, онкологиялық сырқаттардың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, жаңа медициналық құрылғы қосылғалы жатыр.
«2014 жылдың қыркүйек айында Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасына 11,5 млн теңгенің бейнегастроскобы мен 3,5 млн теңгелік эндоскоптарды жууға арналған автоматты машина алынады», - дейді Тарбағатай ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Көбеген Дүйсенбаев.
Сонымен қатар, бас дәрігердің айтуынша, ауданға онкологиялық сырқаттардың ертерек алдын алу үшін скринингтік бағдарларамарды барынша кеңейту керек.