26.08.2014
Жалпы ауруханада 190 медициналық қызметкер бар, жаңа қызметкерлер көпсалалы аурухана кешені қолданысқа енгеннен кейін жұмысқа қабылданды.
«Біз жұбайымыз екеуіміз осы ауылға «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы келдік. Менің туған қалам – Талдықорған, ал жұбайым Үржар ауданынан, білімі-окулист. Семей мемлекеттік медицина университетінде бізге Глубоковское ауданында жаңа аурухана салынып жатқандығы туралы айтты. Осы өңірге келіп, жұмысқа орналастық. Жаңа үйден 3 бөлмелі пәтер алдық», - деді анестезиолог-реаниматолог дәрігер Арман Қазмағамбетов.
Айта кетерлігі, 2013-2014 жылдары Глубоковский ауданында 5 дәрігерлік амбулатория салынды. 2 жыл ішінде аталмыш аурухана санитарлық автокөліктің 6 бірлігімен толықты.