26.08.2014
Көпсалалы аудандық орталық ауруханасының жаңа ғимараты 100 кереует, бар, мекеме 300 адамды қабылдауға есептелген, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Мекеме құрылысына ҚР Үкіметінің резервінен 1,8 млрд теңге бөлінген. Аурухана құрылысына 2 жылдай уақыт кетті.
«Біздің аурухана техниканың соңғы қондырғыларымен жарақтандырылған. Жаңа құрылғылардың бірі барлық қалалық ауруханалардың мақтанышына айналар эндовидеохирургия құралы болып табылады. Осының арқасында біздің дәрігерлер сапалы операцияларды жүзеге асыра алады», - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Қайрат Беделманов.
Мереке соңында ауруханаға сый ретінде жаңа жедел жәрдем көлігі табысталды.
Айта кету керек, аталмыш ауданда Конституция күніне орай тағы 3 медициналық мекеме ашу жоспарланған. Олар Опытное, Ушанова және Алтай ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория.