21.08.2014
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, өңірде жүрек-қан тамыр патологиясына шалдыққандардың хирургиялық еміне деген сұраныс жылына 11-12 мың операцияны құрайды. Заманауи операциялық-реанимациялық блоктың салынуымен операция санын жылына 2500-ден 5000-ға арттыру жоспарланып отыр.
«Операциялық-реанимациялық корпусқа операциялық блок, реанимация бөлімі, балалар кардиохирургиясы мен ересектер жүрек-қан тамыр хирургиясы блогы, миокардтың терең инфаркт блогы, клиникалық зертхана мен қабылдау орны, сонымен қатар орталық тазартылған бөлім бар», - делінген хабарламада.
Орталық қызметімен танысып шыққан өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековтың айтуынша, жаңа операциялық-реанимациялық корпустың халық игілігіне ұсынылуы Мемлекет басшысының кардиохирургияны да қамтитын денсаулық сақтау саласының әлеуметтік маңызы бар бағыттарын дамыту тапсырмасын іске асырудың нақты шаралары болып табылады.