• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Біліктілік санатын алуға үмітті дәрігерлер үшін тәжірибелік  дағдыларды бағалау енгізіледі 07.08.2014

ҚР Денсаулық сақтау министрі 2014 жылғы 25 шілдеде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен және ресми жарияланғаннан кейін күшіне енетін «Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрыққа 2014 жылғы 8 шілдеде  қол қойды.

Аталған бұйрықпен клиникалық мамандық дәрігерлеріне арналған ерікті біліктілік емтиханын өткізу рәсімін өзгерту регламенттелген, атап айтқанда біліктілік емтиханының екінші кезеңі мамандардың практикалық дағдылары мен білімдеріне бағалау жүргізуді көздейді.

Осылай, бұрын жоспарланғандай, ағымдағы жылғы тамызда, біліктілік санатын алуға үміттенетін клиникалық мамандық дәрігерлері үшін практикалық дағдыларды бағалау енгізілетін болады.   

 Практикалық дағдылар мен білімді бағалауды енгізу   Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен көзделген іс-шараларды іске асыру үшін жүзеге асырылады. 

Практикалық дағдылар мен білімді бағалау симуляциялық технологияларды қолдана отырып, ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Практикалық дағдылар мен білімді  бағалау мамандары мен тәуелсіз аккредиттелген сарапшыларды тарта отырып жүргізілетін болады. 

 


Back to the list