• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елде 10 медициналық ұйымға толық функционалды медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде 05.08.2014

«Әр тараптың рөлі, құқығы мен міндеті Тұжырымдамада  нақты көрсетілген. Министрлік электрондық денсаулық сақтауды дамытудың саясатын анықтау, электрондық денсаулық сақтауды реттеу мен стандарттау шараларын іске асырады және  орталықтандырылған ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Медициналық ұйымдар құжат айналымын қағазсыз жүргізуге көшуді іске асыратын және бизнес-үрдістерін толықтай автоматтандыруға қабілетті медициналық, ақпараттық жүйелерді өздері таңдап сатып алады және енгізеді», - делінген хабарламада.  

Осылайша қызметтерді бөлу - денсаулық сақтаудың әр түрлі ұйымдары арасындағы мәліметтерге «түрліше» қажеттілік сынды бірталай факторлармен негізделеді.  Одан шығатын қажеттілік Қазақстандағы медициналық көмек көрсетудің үлгілері мен түрлерінің әр алуандылы мен ақпараттық жүйелердің функционалында.

Әр нақты ұйымды өз ерекшеліктері мен сұраныстарына сай жеке дара автоматтандыру Халықаралық қауымдастықта қабылданған жаңаша әдіс болып табылады.

Орталықтандырылмаған дамытуға қажетті шарттардың бірі – жеке компаниялар-жеткізушілер медициналық ұйымдарға өз медициналық ақпараттық жүйелерін сапасы бойынша бір-бірімен бәсекеге түсе отырып, ұсына алатын жағдайда электрондық денсаулық сақтау кеңістігінде  ашық нарықты құру.

Пилоттық жобаға қатысу үшін Қазақстанның түрлі өңірлерінде орналасқан, құрылымы мен әлеуеті жөнінен бір-бірінен өзгеше ұйымдар таңдап алынды. Пилоттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде медициналық қызметкерлер паценттердің денсаулығы жөніндегі қажетті ақпаратты тез алуға мүмкіндік беретін, медициналық ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алады. 


Back to the list