• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО-да нәресте өлімі үштен бірге дейін азайды 21.07.2014

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, өңірде 2014 жылдың 6 айында ана өлімі жағдайы тіркелмеген.

«2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 3792 нәресте дүниеге келді. 1 жасқа дейінгі балалардың шетінеу көрсеткіші өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 38,7% азайып, 7,7% көлемінде болды»,  дейді Қ.Сақтағанов.

Оның айтуынша, өңірде ана мен бала өлімін азайтудың шараларын қабылдау бойынша облыстық штабтың жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

2014 жылдың 6 айында облыс штабының 4 отырысы өтті. Ана мен баланы қорғау қызметінің жұмыстары мәселесі қаралды: СҚО-дағы аяғы ауыр және босанған әйелдердің күрделі жағдайына сараптама жасау мен анықтау, нәресте мен бала өліміне сараптама жасау және отбасын жоспарлау мен аяғы ауыр әйелдерді ерте жастан бақылау мәселесі талқыға салынды.

 


Back to the list