• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы 140 санитарлық автокөлік сатып  алынады – ДСМ 02.07.2014

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі госпитальге дейінгі деңгейде медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеп, іске асыруда. Науқастардың денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін сақтауда алғашқы минуттар аса маңызды. Инсульт, инфаркт, жол-көлік оқиғаларында болатын жарақтаттар – тез арада және тиімді медициналық көмек көрсету өте маңызды саналатын аурулар тізімін осылай жалғастыра беруге болады, деп ведомствода хабарлады.     

Жалпы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталған салада жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

2013 жылы 258 жедел жәрдем көлігі, оның ішінде 165 көлік отандық өндірушілерден сатып алынды.

Ал ағымдағы жылы жедел жәрдем қызметіне 140 санитарлық автокөлік сатып алу, сондай-ақ, қазіргі заманғы медициналық қондырғылармен жарақтандыру жоспарланып отыр.     


Back to the list