• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Медициналық оқу орнына тапсырған талапкерлер психометрикалық тестілеуден өтеді 20.06.2014

Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, алдағы уақытта медициналық оқу орнына тапсырған  талапкерлерге психометрикалық тестілеуден өткізуді енгізу көзделуде. Бұл арнайы процедура «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.

Бүгінде медициналық оқу орнына үміткерлерді таңдау жалпыға ортақ тәртіп ҰБТ-ның нәтижесіне сүйене отырып іріктеледі. Өкінішке орай, қолданыстағы жүйе медицина саласына кез-келген адамның келуіне әкелуде», - деп ведомстводан хабарлады.

Психометрикалық тестілеу үміткердің салаға деген қызығушылығын, қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР ДСМ-да  психометрикалық тестілеуді екі кезеңде енгізу жоспарланып отыр. ҚазҰМУ жанынан қыркүйекте пилоттық жоба психометрикалық тестілеуді 1 курстың 500 студентіне енгізіледі.


Back to the list