19.06.2014
Конгресс жұмысына Ресей, Украина, Үндістан, Әзірбайджан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген сарапшылар, сондай-ақ отандық мамандар қатысты, деп денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Эндоскопиялық хирургия – бұл заманауи хиругия, оның көмегімен кез келген күндері оталар, мысалға, ішперде немесе кеуде қуысы тіліктері арқылы жасауға болады. Мұнда, хирург үшін жабық қуыстағы операциялық алаңның жоғары сапалы бейнесі мониторға жіңішке түтік іспетті эндоскоп арқылы беріледі.
Соңғы 20 жылда әлемде үлкен тілікті, науқастарға елеулі операциялық жарақаттар салатын, олардың жазылуы мен қайта қалпына келу мерзімі ұзақ ескі технологиялар қарқынды түрде ығыстырылуда.
Эндобиллиарлық хирургия, эндовидеохирургиялық гастроэнтерология, герниология, ішкі жарықты эндоскопия және аралас мүшелердегі эндохирургия мәселелері қаралды.
17-18 маусымда халықаралық деңгейдегі аса ауқымды іс-шара барысында шетелдік және отандық мамандардың шеберлік- сабақтары өткізілді.