10.06.2014
«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша халықтың 30%-ы бүгінде скринингтік бағдарламамен қамтамасыз етілді. Бұл дегеніңіз барынша мол қауіп төндіртін жастардағы халықтың үлес салмағына пара-пар. 11 скринингтік бағдарламаның 7-еуі онукологиялық сырқаттарды ерте кезден анықтауға бағытталған.Жыл сайын 10 млн астам адам скринингтен өтіп, 1,5 млн ауру анықталады, олар тіркеуге алынады және сауықтыру кезеңдерінен өтеді», - дейді бас дәрігер.
Осынау жұмыстардың нәтижесінде, бас дәрігердің айтуынша, 5 млн адам есепке алынды. Қазіргі таңда олар емделіп жатыр.
«Ерте анықтау – бұл тек сапалы сауықтыру ғана емес, мемлекеттің және пациенттің емделуге кететін шығынын азайтады. Мысалы, 1 – 2 сатыдағы сүт безі обырын емдеу мемлекетке 780 мың теңгеге түссе, 3-4 сатыдағы түрін емдеу 26,5 млн теңгеге шығады. Сүт безі обырын ерте кезеңде айқындауды 10%-ға арттыру республика бойынша 9 млрд теңгеден аса қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Ауруды ерте кезеңде анықтау және диагностикалау мен емдеудің жоғарғы технологиялық әдістерін қолдануды кеңейту арқылы қан айналымы жүйесі ауруынан болатын өлім-жітім 2 есеге төмендеді. Тек 2013 жыл ішінде республика бойынша 60 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалды, бұл 2010 жыл деңгейінен 38 мың операцияға артық», - дейді С.Қайырбекова.
Камила Амирова