• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл Ақмола облысында 15 медициналық нысан жөнделеді 20.05.2014

2013-2015 жылдарға арналған материалдық-техникалық базасын нығайтудың үш жылдық бағдарламасы бойынша 1 млрд 548 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Осы қаражаттың ішінде биыл 15 денсаулық сақтау нысанын жөндеу үшін 884,3 млн теңге қарастырылды.  

Биылғы жылдың бірінші маусымында Ақмола облыстық №2 ауруханасы жанынан санитарлық апат бөлімі ашылды. Ондағы мақсат Астана жанындағы жеті ауданның халқына медициналық қызмет қолжетімділігін арттыру.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста компьютерлі томография кабинеттері ашылды. Ол облыстық балалар ауруханасы мен онкологиялық диспанцерінде және Ақмола облыстық ауруханасында орналасқан. 


Back to the list