06.05.2014
140 консультативтік қызмет көрсетілді және оқиға орнында 40 операция жасалды, деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.
Аталған мерзімде санитарлық авиацияны шақыруға негіз болған себептер бойынша алғашқы орында балаларға шұғыл көмек көрсету қажеттігі (160 оқиға) тұр. Одан кейін: жаңа туылған нәрестелерге жедел көмек көрсету (138 оқиға), акушерлік тәжірибеде шұғыл көмек (130 оқиға), қан айналымы жүйесі аурулары және жарақаттанушылық сияқты себептер бар.
Әуе көлігімен көрсетілетін медициналық қызмет көлемінің артуы Қазақстанда санитарлық авиацияның дамып келе жатқанын және республика тұрғындарының оған мұқтаж екенін көрсетеді.