27.11.2017
Мәжілістің мәліметінше, ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары Түркияның Ұлттық жиналыс төрағасының орынбасары Ахмет Айдын, Мажарстанның Мемлекеттік Жиналысының вице-спикері Тамаш Шнейдер, Болгарияның Халықтық жиналыс төрағасының орынбасары Валери Жаблянов пен Әзірбайжан Милли Мәжілісінің вице-спикері Валех Алескеровпен талқыланды.
Парламенттік форумға қатысқан парламентшілерге алғыс айтқан соң Н.Нығматулин елдер арасындағы тұрақты дамуға деген өзара қызығушылық таныту бойынша қарқынның жоғары деңгейін атап өтті.
Өз кезегінде әңгімелесушілер шараны ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығын айтып, парламенттік деңгейдегі ынтымақтастықты белсенділету ұсынысын айтты.