• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Нығматулин: Бюджеттің әрбір тиыны қатаң бақылауда болуы керек 22.11.2017

Заң жобасы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығына бөлінген республикалық бюджет қаржыларын тиімді және мақсатты түрде пайдалану тәртібі АХҚО Басқармасы мен Қаржы министрлігінің бірлескен актісі бойынша анықталатыны көзделген.  

Осыған орай депутат аталған орталық қызметінен бөлінетін мемлекеттік қаржыны бақылау жайына алаңдаушылық білдірді.

«Ешкімде әсіресе, АХҚО орталығы басшылығында орталықтың өз бетінше қызмет етуіне мүмкіндік беру, мемлекеттен бөлінген қаржыны бақылау жауапкершлігінен  босатады деген ой болмауға тиіс.  Орталыққа бөлінген қаржының мақсатты пайдалануы үнемі Есеп комитетінің бақылауында»,-деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы сот жүйесі, мемлекеттік рәміздер, Конституциялық кеңес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.

 


Back to the list