20.11.2017
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан халқын үнемі қолдап, көмектесіп жүреді.
«Қырғызстан халқы да Қазақстан көшбасшысына ризашылықпен қарайтынын білеміз. Сондықтан, Атамбаевтың негізсіз популистік пікірлері бауырлас елдердің қарым-қатынасына зиянын тигізбейді», - деді Н.Нығматулин.
Спикер айтып өткендей, Президенттік еткен кездері Атамбаев аса үлкен көрсеткіштерге жете алмады.
«Атамбаевтың өзіне келетін болсақ, өз президенттігі кезеңінде ол экономикада да, саясатта да аса үлкен көрсеткіштерге жеткен жоқ. Ал, кетерінің алдында ішкі мәдени және саяси мәдениеттен жұрдай екңенін көрсетті», - деді ол.