16.11.2017
Кеңестің кезекті отырысы СІМ-де өтті. Д. Назарбаева осы лауазымда Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованы ауыстырып, Б.Әйтімоваға Кеңесті басқара отырып атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді.
Өзінің кіріспе сөзінде Д. Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету Қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясына қазақстандық делегацияның қатысу нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі басымдықтары жөнінде толық баяндап берді.
Министрлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі жаһандық ұйымдағы өзінің қызметінде осы жылдың қаңтар айында БҰҰ ҚК-нің ашық пікірталастарында айтылған Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарасы» атты арнайы саяси үндеуінің негізгі қағидаларын басшылыққа алады.
«Қазақстан өзінің Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігін, ұлттық мүдделерімізді ілгерілету үшін, ең бастысы, БҰҰ тарихында Қауіпсіздік Кеңесінде тұңғыш рет ұсынылып отырған Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін пайдалануда», - деп хабарлады Қ.Әбдірахманов.