16.11.2017
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің өкілдері Н.Сабильянов, М.Қазбекова, М.Айсина және басқа да депутаттар «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін енгізу бойынша шаралармен танысты.
«Отырыс барысында халық қалаулылары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды кедендік ресімдеуді жеделдетуге, кедендік әкімшілікті жеңілдетуге және бизнестің әкімшілік кедергілерін азайтуға бағытталған «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі арқылы электронды декларацияны енгізуге дайын екендігін көрді», - деп хабарлады Мәжіліс.
Сонымен қоса, шара барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Ғ. Әмрин аталған мәселелер бойынша кеңінен баяндады.