• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда  Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының штаб-пәтері ашылады 06.11.2017

2017 жылғы 2 мамырда Астана қаласында жасалған келісім Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (АҚИҰ) штаб-пәтерін ашуды көздейді.

Қазақстан Республикасында АҚИҰ-ның штаб-пәтерін құру Ислам ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтады және ұйымның халықаралық, өңірлік және субөңірлік бастамаларына Қазақстанның тартылуын күшейтеді.

Қазақстанда АҚИҰ-ның штаб-пәтерін ашу үшін республикалық бюджетте: 2017 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының АҚИҰ-ға ерікті жарнасы жыл сайын 247204 мың теңге (749103 АҚШ доллары); Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылдан бастап жыл сайын 39600 мың теңге сомасында офистік үй-жайды жалға алу шығыстары көзделген. Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.
 

 

 


Back to the list