• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Тексеруші органдардағы жемқорлықты болдырмау  Қаржы министрлігінің бақылауында – Б.Сұлтанов 06.11.2017

«Тексеруші органдардағы жемқорлықтың болдырмау  Қаржы министрлігінің  тұрақты бақылауында. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стандарттар  аудиторлық шараларды өткізуде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін  күшейту  мақсатында қабылданған болатын. Комитет  өңірлік  департаменттердің   лауазымды тұлғалардың қызметтерін     қайта тексеру нәтижесі бойынша шаралар қабылдауда»,  - деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, 2016-2017 жылдары  15 жетекшіге  толық емес қызмет туралы ескерту берілу арқылы жазаланды.

«Құқық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа мемлекеттік сатып алудағы  құрылыс  саласы жақын  болып отыр. Ондағы олқылықтардың көп бөлігі жобалық-сметалық құжатнамаға қатысты болып отыр», - деді министр.

 Осы орайда Қаржы министрлігі  жемқорлық қаупін сейілту үшін  құрылыс саласындағы сатып алу  бойынша әлеуетті жеткізушілерге талапты жеңілдету  жұмыстарын жүргізуде.

Ақбота Күзекбай


Back to the list