• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕХӘҚМ  жаңа жол картасы  «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» түсінігіне анықтама береді 03.11.2017

Еңбек министрлігінің мәліметінше,  елде 2,7 миллионға тарта адам ресми емес жұмыс істеп жүргені анықталды.

«Өзін-өзі  жұмыспен қамтығандар мәселесі маңызды болып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл орайда  жол картасын әзірлеп, оның аясында елде заңнамалық тұрғыда «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» түсінігіне анықтама беру жоспарланып отыр. Осы орайда аталған санатқа кімдер жатқызылатыны нақтыланбақ. Белгілі болғандай, жол картасын қабылдап, заңнамаға өзгерістерді  осы  жылдың бірінші жарты  жылдығында ұсыну жоспарланып отыр. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мәліметіне қарағанда, 5,5 миллион адамның мәртебесі анықталмаған», - деді Б.Нұрымбетов.

Вице-министрдің айтуынша, адамдарды жалдайтын үлкен табысқа ие жеке кәсіпкер салық төлейді -   ол да   өзін-өзі қамтитын адам.

«Біз  жол картасында мемлекеттік органдармен, қоғамдастықпен, депутаттармен бірлесе осының барлығына түсінік беру мақсатын қойып отырмыз. Бұл тұрғыда оларды қандай да бір санатқа бөлу мүмкіндігі ескерілген.  Мүмкін тіркеліп жұмыс істегендер кәсіпкер атанса, ал қалғандары өзін-өзін жұмыспен қамтығандар санатына жатқызылса. Бізде 600 мыңнан астам адам жеке үй шаруашылығында жүр. Бізге олар немен айналысып жүргенін түсініп алу керек» - деді ол.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутаттарға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынды.

Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты - жұмыс орындарын құруды мониторингілеуді, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жетілдіруді, жұмыспен қамтудың жеке агенттіктерінің қатысуын кеңейтуді, электрондық еңбек биржасын құруды және жұмыспен қамту орталықтарының жұмыссыздар мен жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл рәсімін оңайлатуды, мемлекеттік органдардың халықтың көші-қон саласындағы функцияларын қайта бөлуді енгізе отырып, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың функцияларын заңнамамен бекіту болып табылады.
 


Back to the list