02.11.2017
«Жыл санап қазақстандық өнімнің көлемі артуда. Мәселен, 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 21 сериал түсірілсе, биыл олардың саны 39-ды құрап отыр. Олардың ішкі және сыртқы нарықтарда жүзеге асырылуы қазақстандық теленарықтың қаржылық айналымын арттырады.Оның ішінде жарнамалық сегмент те бар. Сандарды сөйлететін болсақ, биыл «Хабар» және и «Qazaqstan» мемлекеттік арналары ішкі және сыртқы нарықта 153,5 млн теңгенің телесериалын жүзеге асырған», - деді вице-министр.
А.Әжібаев айтып өткендей, медиаконтентің артуын қазақстандық телеөнімдердің халықаралық фестивальдерге қатысуымен байланыстырды.
«Сондай-ақ, контент сапасының артқанын қазақстандық телеөнімдердің халықаралық байқауларда жүлде алуынан да байқауға болады. 2016 жылы «Әке» сериалы «Seoul International Drama Awards» сайысында "ер адамның рөлін үздік сомдағаны" үшін номинациясын жеңіп алған болатын», - деді ол.
Оған қоса, иинистрлік мемлекеттік БАҚ-ты жаңғырту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
«Бүгінгі таңда «Qazaqstan» РТРК ауқымды ребрендинг жасады. Сондай-ақ, «Хабар» телеарнасы «Қазмедиа Орталығымен» бірлесіп роботталған студия атты жаңалықтар қызметін енгізді. Бұл ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба. Елде «Еларна» телеарнасы ашылған болатын. Интернет порталдардың ішінде де ғылыми, тарихқа негізделген National Digital History сайты жұмыс істейді», - деді А.Әжібаев.
Ақбота Күзекбай