02.11.2017
Михаил Чирков айтып өткендей, баспасөз қызметтері журналистердің сауалдарына толық жауап берулері керек.
«Баспасөз қызметінің жұмысы формальді түрге көшуде. Ал, ұйымдастыру, алдын ала дайындау жұмыстары, сәйкес ведомствоның құрылымы мен ондағы жұмыс қарқынын түсіндіріп, баспасөз турларын ұйымдастыру бойынша баспасөз қызметтері жұмыс істемейді», - деді депутат.
Заң жобасын талқылау барысында, мәжіліс депутаты бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беретін адамды реттеу ең өзекті мәселе болып отыр. Депутат жақында ғана болған бір жағдайды мысал ретінде келтірді.
«Үкімет отырысынан кейін ірі шенеуніктердің біріне журналистер сұхбат алуға ұмтылды. Ол болса: 18-ші рет қайталап айтамын, дейді. Әрі қарай білмеймін, сөзбе сөз айтып бере алмаймын, бірақ, осының өзі не сөз? Бұл не қылған міндетсу? Оның аты-жөнін атамай-ақ қояйын, осыдан ақ, шенеуніктің БАҚ-қа, журналистерге деген көзқарасын, пікірін білуге болады», - деді М.Чирков.
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау өтті. Оған халықаралық және отандық сарапшылар қатысты.
Ақбота Күзекбай