18.10.2017
Мәжілістің жалпы отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын қарастыру шеңберінде депутат Павел Казанцев ұрланған автокөліктерге салық салу туралы өзекті мәселені көтерді.
Бүгінгі таңда ұрланған көлік құралдарының иелері көлікке салынатын салықтан босау мақсатында құқық қорғау органдарына хабарлайды. Дегенмен, салық органдары салықты төлеуден босата алмайды, себебі көлік тіркеуден шығарылмайды.
Осы ретте, депутат ұрланған автокөлік бірнеше жыл бойы іздеуде болған уақытта көлік иесінің салық органдарына үнемі салық төлеуге тура келетінін атап өтті.
Осыған байланысты Мәжіліс Төрағасы жауапты министрлікке автокөлік иесінің автомобиль ұрлау туралы өтініші негізінде тиісті куәлік беріп, автокөлік іздеуде болған кезеңде салық органдары көлік иесін салықтан босату туралы ұсынысын білдірді.
Сонымен қоса Мәжіліс Төрағасы осы жобаның екінші оқылымда қайта қарау қажеттілігін атап өтті.