• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елдегі туристер саны 3,2 млн-ға көбейеді 18.10.2017

Аталғандай, келесі жылы республикалық бюджеттен  1,1 млрд теңгені ұлттық туристік өнімді қалыптастыру мен  оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілендіруге бағыттау жоспарланып отыр.

«Туристік өнімді қалыптастыру  аясында үш жылға  3,3 млрд теңге бөлінді, демек әр жылға  1,1 млрд теңге. Оны өсіру  2017 жылы «Қазақтуризм» ұлттық компаниясын 635 млн  теңгемен құру қарастырылған болатын. Жобалық басқару аясында 417 мыңға дейін жұмыс орнын ашуды, биыл  350 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырымыз», - деді А.Райымқұлова.

Оның айтуынша, биыл және алдағы жылдары аталмыш саланы  ВВС World News веб-порталында ілгерілету жоспарланған,  ол 124 млн теңгені құрап отыр.

«Жұмыс орындарына келетін болсақ, болжам бойынша  417 000 жұмыс орнын ашу жоспарланған, ал туристер бойынша 30 пайызға арттыру, яғни  3,2 млн туристке көбейту қарастырылған», - деді ол.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында білім және ғылым министрі  елдегі мектеп тапшылығы мәселесін түсіндірді.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list