18.10.2017
Мәжіліс депутаты Уәлихан Қайназаровтың айтуынша, жаңа мектептер ОҚО, Ақтөбе облысы, Алматы және Астана қалаларымен салыстырғанда, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында көбірек салынады.
Осы ретте, 2018 жылға арналған бюджет жобасында мектептердің құрылысына 66 млрд теңгеге бюджеттік өтінім берілгенімен, 40 млрд теңгеге жуық қаражат көзделген.
"Біз бірнеше параметрді қарастырамыз. Біріншісі, ұлттық білім беру дерекқорынан шығатын оқушылар орнының тапшылығы. Бұл дерекқор жұмыс істейді және біз қандай облыста қанша оқушы орны жетіспейтінін анықтай аламыз. Екіншісі, бізде апатты жағдайдағы мектептерді жою бағдарламасы бар, бұл да ескеріледі. Үшінші фактор - үш ауысымдылықты жою. Төртіншісі, қандай да бір облыс мектептердің құрылысына тапсыратын құжаттар», - деп түсіндірді министр.
Ол биыл Қазақстанда 112 мектеп салынғанын еске салды.
Сондай-ақ министр мектептер құрылысының тапшылығымен байланысты проблеманы шешу міндеттерінің бірі – жеке меншік секторды тарту екенін мәлім етті.
«Дегенмен, оқушылар орнының жетіспеушілігі әлі де сақталып келеді және одан әрі де сақталады деп ойлаймыз. Негізгі міндеттердің бірі мектептердің құрылысына жеке меншік секторды тарту болып табылады. Бізде балабақшалар құрылысы бойынша жақсы тәжірибе бар. Өткен жыл ішінде біз орындарды ұлғайтқан болатынбыз», - деп атап өтті ҚР БҒМ басшысы.
Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте "2018-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы талқылануда.
Ақбота Күзекбай