• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға  800 млрд теңге бөлінеді 18.10.2017

«Шығындар  топтамасында  экономика секторын дамытуды қолдау бойынша  келесі мемлекеттік шаралар қаржыландырылды:  индустриалды-инновациялық  дамыту бойынша ірі бағдарламаларды жүзеге асыру, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту, көліктік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 2 064,9 млрд теңге, оның ішінде  2018 жылы – 854,8 млрд теңге,  өз кезегінде  аграрлық секторға  787 млрд теңге бөлу қарастырылған», - деді министр.

Бақыт Сұлтанов айтып өткендей, технологиялық жаңғыртуды жеделдету  мақсатында  «Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасының жобасы әзірленді. Жобадағы қаржыландыру көлемі  2018-2020 жылдарға  17 млрд теңгені  қарастырады.

«Жалпы, үш жылға   ұсынылған  елдің басты қаржы құжаты жалпы ұлттық  өнімнің бөлінуін  бюджет арқылы  барлық бекітілген міндет пен ұсыныстарды сақтау арқылы жүзеге асыруды қарастырады», - деді ол.

Айта кетейік, жалпы отырысында министр Бақыт Сұлтанов  республикалық бюджеттің ең көп шығын жұмсайтын саласы әлеуметтік сала екендігін айтып өтті.  

Ақбота Күзекбай


Back to the list