• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н.Нығматулин  мен   В.Володин ҰҚШҰ аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелерін  талқылады 13.10.2017

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың сипаты, екі ел президенттерінің стратегиялық серіктестігінің айғағы екендігін атап өтті.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, Н. Нығматулин мен В.Володин мемлекет басшыларының келісімдерін қазақстандық және ресейлік депутаттардың заңнамалық қолдауының маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, екіжақты қатынастар және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды. Еуразия елдері спикерлерінің отырысы, Мәжіліс пен Мемлекеттік Думаның бейінді комитеттері мүшелерінің бірлескен кездесуі және ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық комиссия сияқты маңызды алаңдарға назар аударылды.










 


Back to the list