• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенаторлар Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жұмысына қатысуда 10.10.2017

Еуропа Кеңесінің парламентшілері ЕКПА миссиясының Албаниядағы парламенттік сайлауды байқауы,Әзірбайжандағыдемократиялық институттар мен бұл елдің Еуропа Кеңесіндегі басымдықтары, ЭЫДҰ-ның2016-2017 жылдарға арналған қызметі туралы және Иордания Парламентімен демократиялық әріптестікті дамыту жөніндегі есебін талқылайды.

Сенат хабарлағандай,  жиын барысында ДАИШ-тің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын қудалау мен жазалау және жаңа генетикалық технологияларды қолдану мәселелері бойынша пікірталас өткізіледі. Сондай-ақ Мьянма рохинджа-мұсылмандары төңірегінде қалыптасқантөтенше гуманитарлық жағдайға қатысты өзекті пікірталас өткізу жоспарланып отыр.

 


Back to the list