29.09.2017
Халық қалаулыларының назарына ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады.
Сонымен бірге, ТМД қатысушы - мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы бойынша бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеу көзделген.
Сондай-ақ, Бюрода Палата комитеттерінің көшпелі отырыстарын өткізуге байланысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Атап айтсақ, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің 2017 жылғы 19-20 қазанда Павлодар облысында және 1-3 қарашада Шығыс Қазақстанда, ал 2017 жылғы 19-20 қазанда Атырау облысында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырыстарын өткізу жоспарланып отыр.