04.10.2017

Вице-министрдің айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын бюджеттік несиелеу мен субсидиялау арқылы жаңғыртуға бағытталған.
«Несиелеу мен субсидиялау механизмдері арқылы 2015-2017 жылдар аралығында 203 млрд теңгеге 332 жоба жүзеге асырылды. Жобалар 3208 мың жылу-сумен қамтамасыз ету және суды бұру жүйелерін қайта қалпына клетіруге және салуға бағытталған. Жалпы, 2015-2017 жылдар аралығында 1848 шақырым сумен қамтамасыз ету, суды бұру, 21 қазандық, 12 сорап станциясы салынып, қайта қалпына келтірілді. Бюджеттік несиелеу арқылы 2015 жылы бөлінген 60 млрд теңгеге 92 жоба жүзеге асырылды. Шамамен 250 км инженерлік желі қайта қалпына келтіріліп, салынды. Өткен жылы 1733 км желіні қайта қалпына келтіру және салу үшін құны 86 млрд 900 млн теңге болатын 119 жоба іріктелініп алынды», - деп хабарлады Р. Скляр.

Оның айтуынша, табиғи монополиялар субъектілері бөлінген 75,5 млрд теңгені немесе 87% игерді, қалған 11,5 млрд теңгені немесе 13% ағымдағы жылдың соңына дейін игерілетін болады.
«2017 жылы бөлінген 48 млрд теңгеге 103 инвестициялық жоба іріктелініп алынды, шамамен 1200 желіні қайта қалпына келтіру және салу жоспарланған. Бүгінде табиғи монополиялар субъектілері бөлінген 37,5 млрд теңгенің 16 млрд теңгесін немесе 43% игерді. Қалған қаржы 2018 жылдың аяғына дейін несиелеу механизміне сәйкес игерілетін болады. Бюджеттік субсидиялау механизмі халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған займ есебінен 50 жобаға дейін қаржыланджыруды көздеп отыр», - деп есеп берді вице-министр.

Ол хабарлағандай, 2020 жылға дейін бастап жылу-сумен қамтамасыз ету және суды бұру жүйелерінің тозу көрсеткішін 53%-ға дейін төмендету көзделген.
Сонымен қатар, вице-министрдің пайымынша халықаралық қаржы ұйымдарымен жобаларды бірлесіп жүзеге асыру экономиканың салаларын жаңғырту жылдамдығын арттыруға, инвестициялық тартымдылықты көтеруге және экономикада қажетті құрылымдық реформаларды жүргізуге көмектесетін болады.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2016 жылдары тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджеттің мақсатты трансферті және ұлттық холдингтердің облигациялық займдары ретінде 539 млрд теңге бөлінді. Қомақты қаржы есебінен жалпы ауданы 1 млн 200 мың шаршы метр болатын 19 мың200 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 2015 жылы 10 мың 900 пәтер және 2016 жылы 8 мың 300 пәтер берілген», - деді Р. Скляр.

Вице-министр түсіндіріп кеткендей, 2017 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы қабылданды, оның аясында тұрғын үй құрылысы мәселесіне қатысты барлық проблемалар шешілетін болады.
Бұдан басқа, вице-министр хабарлағандай, 2017 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша еліміз бойынша 6 млн 900 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 8,4%-ға жоғары. Жалпы, Қазақстан бойынша ағымдағы жылы 10 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.






Қайрат Жандыбаев
Видео, фото: Азамат Әлиев