• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сенаторлар Халықаралық «Қорғас» шекаралық ынтымақтастық орталығында болды 18.09.2017

Сенаттан хабарлағандай, көшпелі отырыс аясында депутаттар Халықаралық «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың орталығында болып, Қазақстан және Қытай бөлігінің жұмысымен танысты. Сенаторларға орталықтың жекелеген жобалары таныстырылды, сондай-ақ орталық аумағында іске асырған инвестициялық жобалар туралы хабардар етілді.

Бұдан басқа, Комитет мүшелері сапар барысында «Шығыс» аймақтық басқармасының «Қорғас» шекара заставасында және Жаркент шекара отрядында да болды. Депутаттар техникалық жабдықталу және жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру барысымен, сондай-ақ жеке құрамның тұрмыс жағдайымен де танысты.

Бөлімше басшысы Р.Рамазанов депутаттарға отрядтың күнделікті жауынгерлік қызметі, сондай-ақ жауапты бөліктің қазіргі жағдайы туралы баяндады.
 


Back to the list