• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Депутаттар діни қызметтің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл ұсынымдарын  жасақтады 18.09.2017

Үкіметтік сағатта Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев баяндама жасады. Министр өз сөзінде Елбасының Жарлығымен бекітілген «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» туралы айтып, осы құжат негізінде Заң жобасы әзірленгенін, онда он екі (12) заң мен 3 кодекске шамамен алпысқа (60-қа) жуық түзету мен толықтырулар қарастырылып жатқанын тілге тиек етіп, дін, азаматтық қоғам және жастар саясаты туралы бірқатар келелі мәселелерге тоқталып, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

«Үкіметтік сағат бойынша қосымша баяндаманы Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Мәулен Әшімбаев жасап, діни салада қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздерін жетілдірудің маңыздылығы туралы, үстіміздегі жылдың аяғына дейін Үкімет Парламентке тиісті заң жобасын енгізуді жоспарлап отырғанын және Мәжілістегі заң жобасын діни ұйымдардың өкілдері, ҮЕҰ, сарапшылармен толық талқылау қажеттілігіне тоқталып, діни саланың тұрақтылығы үшін жұмыс істейтін сапалы заң дайындалатынын жеткізді», - делінген хабарламада.

Отырыс барысында, халық қалаулылары дін, азаматтық қоғам және жастар саясатына қатысты бірқатар сұрақтар қойып, сөз сөйлеп, пікір алмасты. Талқылау қорытындысы бойынша вице-спикер В. Божко бұл салаларда тиімді жұмыс істеу үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар және ардагерлер ұйымдарының, Дін істері және азаматтық қоғамның үйлестіруші рөлімен үкіметтік емес сектордың теңдестірілген әрекеті қажет екенін атап өтті. Министрліктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан отырыс тиісті Ұсыныстарды қабылдаумен аяқталды.


Back to the list