• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Депутаттар жалпы қалалық сенбілікке шықты(ФОТО) 16.09.2017

Астанада жалпы қалалық сенбілік өтті. Елорданы абаттандыруға барлығы жұмылдырылды. Осы ретте, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжіліс депутаттарды да бұл игі істен қалыс қалмады. Олар таңертеңнен бастап қаланың аудандарының бірін абаттандыру және көгалдандырумен айналысты.

«Нұр Отан», «Ақ жол», ҚКХП үш саяси партияның депутаттары Астананың сол жағалауындағы «Жасыл орамға» терек пен шағанның шамамен 100 көшетін отырғызды.

«Біздің Астана жыл өткен сайын әсемдене түсуде. Әлемнің түкпір-түкпірнен келген қонақтар оның әсемдігіне таңғалып кетеді. Осы ретте, Астананың көркеюіне үлес қосу депутаттық корпус үшін де мақтаныш пен абырой. Біз оны әр қалалық сенбілікте үлкен ризашылықпен жүзеге асырамыз. Бүгінде бізді осы елордамыздың тұрғыны ретінде оның көркеюіне үлес қосу мүмкіндігі біріктіріп отыр», - деп бөлісті Н.Нығматулин.

Қайрат Жандыбаев


Back to the list