• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан және Индонезия парламентаралық диалогты нығайту перспективаларын талқылады 11.09.2017

Қ. Тоқаев индонезиялық делегацияға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатқан ИЫҰ ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді. Сенат спикері Қазақстанда Индонезияның әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет құрудағы жетістіктері қызығушылықпен бақыланатынын атап өтті.  

Ю. Калла Қазақстанды ИЫҰ форумын сәтті өткізуімен құттықтап, саяси, экономикалық, технологиялық және инвестициялық байланыстар саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті. 

Қ. Тоқаев Қазақстанның конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамалары, сондай-ақ 2018 жылғы қазанда өтетін VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің күн тәртібі туралы ақпараттандырып, индонезиялық басшылардың алдағы форумға қатысатынына сенім білдірді. 

Тараптар ислам білімі, экстремизм мен терроризмге қарсы идеологиялық іс-қимыл саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты. 

Сенаттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, кездесуге қатысушылар сондай-ақ Қазақстан-Индонезия парламентаралық диалогын нығайту перспективаларын да талқылады. 


Back to the list