• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Президент Парламентке қандай міндеттер  жүктеді (ШОЛУ) 04.09.2017

Парламент қос палатасы депутаттарының алдында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті депутаттардың өткен сессиядағы қызмет нәтижелеріне тоқталып, еліміздегі реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Өткен сессияда Парламент 84 заң жобасын қарап, қабылдады. Соның ішінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да бар. Бір жылда сіздердің бастамаларыңызбен 15 заң жобасы әзірленді», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген саяси реформалардың нәтижелеріне назар аударып, бүкіл мемлекеттік аппараттың алдына қойылған міндеттерді іске асыруда Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігі жоғары екенін айтты.

« Қазақстан бүгінде стратегиялық маңызы бар бірқатар міндетті жүзеге асыруда. Парламент Үкіметпен бірлесіп, Ұлт жоспарын, Жолдауды және қолданыстағы бағдарламаларды орындау үшін барлық шараларды қабылдауы қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қоғамды дамытудың жекелеген бағыттарына тоқталды. Елбасы рухани жаңғыру және экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің орындалуына назар аударды.

«Биыл Парламенттің қарауына жаңа Салық кодексінің жобасы енгізіледі. Біз салық саясатын мейлінше жақсартып, бизнесті ашық жұмыс жасауға ынталандыруға тиіспіз. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жөніндегі заңнаманы жетілдіру керек. Сондай-ақ, банктерге тиімді бақылау жүргізу үшін Ұлттық банкке заңнамалық тұрғыдан көбірек мүмкіндік беру қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Парламент  өз жұмысын жаңа талап бойынша бастайды. Палаталар мен  Үкімет жаңа  құзыретке ие, яғни жауапкершілік те күшейді деген сөз.  Билік тармақтарынан келіп түсетін бастамалар саны аз болып отыр.  Алдында Үкімет ауысқан кезде  болып жатқан жағдай туралы айтқан болатынбыз. Одан әрі бұған жол беруге болмайды. Барлығы Конституция, Заң бойынша жазылған.  Әрбір министр  өзінің  учаскесіне жауап береді, соған жауапты. Үкімет  елдің  экономикалық  саясатына, бағдарламалардың жүзеге асырылуына толық жауап береді», - деді Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаев айтып өткендей, Парламент заңнамалық және  бақылаушы  билік ретінде  құзыретті  орындайды, алайда бүгінде негізгі қысым  атқарушы билікке түсіп отыр.

«Осы туралы нақты, ашық айтайық. Тәжірибелік тапсырмалар  атқарушы билікке жүктелген.  Ел Үкіметі  заңнамалық  жұмыстар  жоспары  аясында  заң жобаларының көп бөлігін әзірлеушісі болып табылады. Парламент депутаттары  заңнамалық бастамаларды көптеп   ұсына бастады. Бұл оңтайлы құбылыс.  Алайда, өңірлік   немесе тар ведомстволық  қызығушылықтан емес,  жалпы мемлекеттік  деңгейдегі қызығушылықты қарастыру керек. Әр депутат қай өңірден сайланды, сол аймаққа жақсы болғысы  келеді. Алайда, «Парламент туралы» Конституция Заңына сәйкес біз барлық елге бірдей жұмыс істейтінімізді белгіледік, сол кезде өңірлердің де жағдайы жақсы болады», - деді Н.Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей,  соңғы уақытта  заң шығару үрдісі  ашық бола түсті, алайда басты назарды түсіндіру жұмыстарына  аударған жөн.

 «Азаматтар көп жағдайда   ақпараттандырыла бермейді. Өздерінің құқықтары мен міндеттерін білмей жатады.  Заңдарды қабылдаған кезде  қоғаммен, халықпен кеңеспейміз. Сондықтан да, түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлген жөн. Түсіндірмесек, аталмыш  заңдар не  үшін қабылданады. Сол үшін, депутат пен облыс әкімдері түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударуы керек», - деді Елбасы.

 

«Биыл Парламенттің қарауына жаңа салық кодексінің жобасы енгізіледі. Біз салық саясатын едәуір жақсартуымыз керек, бизнесті ынталандырып, ашық жұмыс істеу қажет», - деді ҚР Президенті.

Елбасы депутаттарға салық саясаты бойынша әлемдік тәжірибені мамандармен толық пысықтап, зерттеулерін тапсырды.

«Қазір жағдай өзгерді. Әлемдік нарық өзгерді, бюджетке түсім жоқ. Мыңдаған жылжымайтын мүлік заңдастырылғаны туралы баяндалды, ал осы жылжымайтын мүліктен салық алынып жатыр ма, жалпы ахуал қандай. Біз барлығына 10% табыс салығын және 20% корпоративті салық енгізген болатынбыз. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Қазір біздің бюджетіміздің табыс көзін қарастыру қажет. Салық кодексін осыған қалай бейімдеу керек. Депутаттардан, әсіресе осы іспен айналысатын комитеттерден әлемдік тәжірибені мамандармен толық пысықтап, зерттеулерін сұраймын», - деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы тиімді емес жеңілдіктерді алып тастау керектігі жайында айтты.

«Тиімді емес жеңілдіктерді алып тастап, салықтық әкімшілендіруді оңайлату қажет. Ағымдағы сессия барысында кеден заңнамасын жаңарту керек. Қазір ЕЭК құрамындамыз, онда ортақ ережелер бар, экспорт пен импорт, сондай-ақ туризм бойынша тартылып жатқан адамдардың Қазақстанға келуі ең дамыған елдердегідей болуы тиіс. Тікелей инвестицияларды тартуға, экспорт өндірісін ынталандыруға бұрынғысынша көп көңіл бөлінуде. Сондықтан арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнаманы жақсарту керек», - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы  құқық қорғау жүйесін  реформалауды жалғастыру қажет. Қылмыстық  процесті жаңа деңгейге шығару керектігін айтты.. Құқық қорғау органдарының жұмысын  халықаралық стандартқа сәйкестендіру керек. Ұлт жоспарына сәйкес, біз құқық қорғау  жүйесіне реформа жүргіздік. Сот жүйесі бойынша қажетті дүниелер қабылданды. Бұл қалай жүзеге асатынын көрелік, егер азаматтар өз істері бойынша әкімдікке немесе маған хат жазбай сотқа сенім артса, бұл жетістік болып табылар еді. Полицияға қатысты әлі атқарылатын іс көп. Біз Қылмыстық, Әкімшілік  кодекске  өзгертулер енгіздік.Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, адам мен қорғаушы  үрдістің басынан бастап қатысуы керек.Мәселен, тұлға бір бап бойынша айыпталды. Ұрлық жасады немесе осы сынды бірдеңе жасады. Тергеуші  айғақ жетіспейтінін көреді, бірақ жаласын жауып қояды. Соттай бастайды. Бұл тергеуге айналады, себебі істің басынан бастап   бақылау жүргізілмеді.

Сонымен қатар, Елбасы  барлық әлемде сақтандыру азаматтарды әлеуметтік қорғаудың маңызды бөлігі, ал сақтандыру ұйымдары – ірі инвесторлар екенін айтты. Біздің елімізде де сақтандыруды дамытып, сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі деңгейін көтеру қажет. Осы жерде медицина саласындағы сақтандыруға қатысты тоқтала кеткен жөн. Бұл ілгері жүретін бағыт, оған ЭЫДҰ елдерінің ішінен 6 мемлекет қана көшкенімен, біз ілгері жүруіміз керек. Бұл 100 қадамда жазылған. Қорға салымдар түсіп жатыр, туындаған сұрақтар аз емес, бізде 2,7 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып саналады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деген не, бұл  салықтан тікелей бас тарту деген сөз.ҚР Президенті Үкіметке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырды.Осы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – үш миллион адам – медициналық сақтандырудан тыс қалады. Ал олар кейін не демек? Бұл ілгері бағыт және мен оған қарсы емеспін, алайда, оны жан-жақты зерттеп, пысықтап алу қажет.

Елбасы халықтың бір бөлігі медициналық сақтандыру қызметтерін мемлекет есебінен алатын болса, енді біреулері ол үшін ақы төлеуі тиіс болатынына наразылық білдіруі мүмкін екенін атап өтіп, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа осыны пысықтап, шешуді тапсырды. Бір шешімге келген жағдайда Парламентпен бірлесіп шешім қабылдайтынын айтты.

2017 жылы маңызды  оқиғаға арналған ЭКСПО  көрмесіне тоқталғым келеді.  Біз барша әлемге елордамыз бен елімізді паш еттік.  Олар өзге өңірлерді де  аралады, біз имиджік жұмыс жүргіздік.  10 қыркүйек   көрме аяқталған соң  көрменің жабылуы бойынша ауқымды  жұмысқа қатысамыз. Сондай-ақ, Халықаралық қаржы орталығы  бірден жұмысқа кіріседі,  оған барлық жағдай жасалып, Конституцияға өзгертулер енгізілді.  Үкіметтің  жауапкершілігіне  ондағы барлық нысандардың бірден жұмыс істеуі жүктелді. Ең үлкен екі   ғимарат Қаржы орталығына беріледі. Бір ірі орталық  Қазақстанның көрмесіне айналады.  Онда барлық аймақтар мен кәсіпорындар өз мүмкіндігін таныстырады.Сондай-ақ, Елбасы «Астана ЭКСПО-2017»  көрмесін басқарып отырған Ахметжан Есімов  мен АХҚО  басшысы Қайрат Келімбетовтың жұмысы  туралы айтты.Ахметжан Смағұловқа аталмыш көрме  президенті қызметін белгілі бір жүйеге келтіргенше жұмыс істей беруі керек.   Келімбетов барлығы орнығуы үшін  белсенді жұмысқа кірісіп кетуі керек.Осы орайда, Елбасы барлық экономикалық аймақтар жұмыс істеп, инвестиция тарту керектігін айтты.

Қайрат Жандыбаев 


Back to the list