• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н. Назарбаев құқық қорғау жүйесін жаңа деңгейге шығаруға шақырды 04.09.2017

«Құқық қорғау жүйесін  реформалауды жалғастыру қажет. Қылмыстық  процесті жаңа деңгейге шығару керек. Құқық қорғау органдарының жұмысын  халықаралық стандартқа сәйкестендіру керек. Ұлт жоспарына сәйкес, біз құқық қорғау  жүйесіне реформа жүргіздік. Сот жүйесі бойынша қажетті дүниелер қабылданды. Бұл қалай жүзеге асатынын көрелік, егер азаматтар өз істері бойынша әкімдікке немесе маған хат жазбай сотқа сенім артса, бұл жетістік болып табылар еді. Полицияға қатысты әлі атқарылатын іс көп. Біз Қылмыстық, Әкімшілік  кодекске  өзгертулер енгіздік», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, адам мен қорғаушы  үрдістің басынан бастап қатысуы керек.

«Мәселен, тұлға бір бап бойынша айыпталды. Ұрлық жасады немесе осы сынды бірдеңе жасады. Тергеуші  айғақ жетіспейтінін көреді, бірақ жаласын жауып қояды. Соттай бастайды. Бұл тергеуге айналады, себебі істің басынан бастап   бақылау жүргізілмеді. Біз бұл туралы жұмыс істеп жатырмыз», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті бірлескен отырыста МӘМС-ті  енгізуге    асықпау  қажеттігін  айтты.

Ақбота Күзекбай


Back to the list