• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Президент  Халықаралық  қаржы орталығы туралы айтып берді 04.09.2017

«2017 жылы маңызды  оқиғаға арналған ЭКСПО  көрмесіне тоқталғым келеді.  Біз барша әлемге елордамыз бен елімізді паш еттік.  Олар өзге өңірлерді де  аралады, біз имиджік жұмыс жүргіздік.  10 қыркүйек   көрме аяқталған соң  көрменің жабылуы бойынша ауқымды  жұмысқа қатысамыз. Сондай-ақ, Халықаралық қаржы орталығы  бірден жұмысқа кіріседі,  оған барлық жағдай жасалып, Конституцияға өзгертулер енгізілді.  Үкіметтің  жауапкершілігіне  ондағы барлық нысандардың бірден жұмыс істеуі жүктелді. Ең үлкен екі   ғимарат Қаржы орталығына беріледі. Бір ірі орталық  Қазақстанның көрмесіне айналады.  Онда барлық аймақтар мен кәсіпорындар өз мүмкіндігін таныстырады», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы «Астана ЭКСПО-2017»  көрмесін басқарып отырған Ахметжан Есімов  мен АХҚО  басшысы Қайрат Келімбетовтың жұмысы  туралы айтты.

«Ахметжан Смағұловқа аталмыш көрме  президенті қызметін белгілі бір жүйеге келтіргенше жұмыс істей беруі керек.   Келімбетов барлығы орнығуы үшін  белсенді жұмысқа кірісіп кетуі керек», - деді Елбасы.

Осы орайда, Елбасы барлық экономикалық аймақтар жұмыс істеп, инвестиция тарту керектігін айтты.

Айта кетейік, Елбасы  Парламент депутаттарының   заңнамалық  бастамаларды ұсына бастағандығын айтқан болатын.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list