• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Біз салық саясатын едәуір жақсартуымыз керек – ҚР Президенті 04.09.2017

«Биыл Парламенттің қарауына жаңа салық кодексінің жобасы енгізіледі. Біз салық саясатын едәуір жақсартуымыз керек, бизнесті ынталандырып, ашық жұмыс істеу қажет», - деді ҚР Президенті.

Елбасы депутаттарға салық саясаты бойынша әлемдік тәжірибені мамандармен толық пысықтап, зерттеулерін тапсырды.

«Қазір жағдай өзгерді. Әлемдік нарық өзгерді, бюджетке түсім жоқ. Мыңдаған жылжымайтын мүлік заңдастырылғаны туралы баяндалды, ал осы жылжымайтын мүліктен салық алынып жатыр ма, жалпы ахуал қандай. Біз барлығына 10% табыс салығын және 20% корпоративті салық енгізген болатынбыз. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Қазір біздің бюджетіміздің табыс көзін қарастыру қажет. Салық кодексін осыған қалай бейімдеу керек. Депутаттардан, әсіресе осы іспен айналысатын комитеттерден әлемдік тәжірибені мамандармен толық пысықтап, зерттеулерін сұраймын», - деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы тиімді емес жеңілдіктерді алып тастау керектігі жайында айтты.

«Тиімді емес жеңілдіктерді алып тастап, салықтық әкімшілендіруді оңайлату қажет. Ағымдағы сессия барысында кеден заңнамасын жаңарту керек. Қазір ЕЭК құрамындамыз, онда ортақ ережелер бар, экспорт пен импорт, сондай-ақ туризм бойынша тартылып жатқан адамдардың Қазақстанға келуі ең дамыған елдердегідей болуы тиіс. Тікелей инвестицияларды тартуға, экспорт өндірісін ынталандыруға бұрынғысынша көп көңіл бөлінуде. Сондықтан арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнаманы жақсарту керек», - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Қайрат Жандыбаев

Фото Бауыржан Жуасбаев


Back to the list