04.09.2017
«2017 жыл Қазақстан үшін үлкен маңызға ие. Саяси тұрақтылық пен қоғамдық консенсус нәтижесінде біз Тәуелсіздік жылдары қиын-қыстау кезеңді бастан кешіріп, үш маңызды саланы жаңғыртуды бастадық, олар экономика, саясат, сана. Аталмыш үш мәселе кез келген елдің басты назарында тұрады. Екіншіден, Жолдауда технологиялық инфрақұрылымдық жаңғырту кезеңіне жаңа серпін берілді. Конституциялық реформа билік тармақтарының дұрыс бағдарын орнатты. Бұған аса назар аударып, насихаттау керек, Конституцияға енген өзгерістер бойынша жұмыс істеуіміз керек. Президент 37 өкілеттігін Парламент пен Үкіметке дербестік пен жауапкершілікті арттыру үшін тапсырды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Үшіншіден, Елбасы ұлттық сананы жаңарту мен рухани жаңғырту үрдісін айтып өтті.
«Аталмыш бағыт қоғамның қолдауына ие болып, кеңінен талқылануда. Біз талқылау мен жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Бұл бағыттар қазақсатандық жаңғыртудың үш тағаны болып табылады. Біздің жаңғыру күрделі жағдай кезінде өтіп жатыр. Біз Стратегия-2050 қабылдаған кезде тәуекелдер мен өзгерістер болатынын білдік. Оған қарамастан, біз бағдарлама бойынша қозғалып келеміз», - деді Н.Назарбаев.
Президент Премьер-Министрдің екі орынбасарының тағайындалуы туралы да айтып өтті.
«Әлемде әлі күнге дейін тұрақсыздық орын алуда. Державалар арасындағы диалог санкциялық саясатпен сүйемелденіп отыр, ол Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Өңірлік даулар басылмай отыр, деструктивті диалогтар өз ісін кеңейтіп жатыр. Сондай-ақ, жаппай цифрландыру мүмкіндік пен тәуекелдерді қатар ұсынып отыр. Қазақстан аталмыш мақсаттарды жылдап емес, минут бойынша жүзеге асырып үлгеруі керек. Осы орайда Үкіметтің жұмысы екі орынбасарды тағайындау арқылы бекітілді. Цифрлық Қазақстанға өту біз үшін үлкен маңызға ие. Барлық елдер осыған ұмтылады, себебі ол болашақ даму, еңбек өнімділігі мен технология. Оған жеке адам жауап беруі керек. Үкімет атынан осы орынға Асқар Жұмағалиевті тағайындадым, ол IT-технология маманы болып табылады. Осыған дейінгі лауазымдарында ол өзін жақсы менеджер ретінде таныстырды», - деді Елбасы.
Өз кезегінде, экономиканың макроэкономикалық бөлігін нығайту Ерболат Досаевқа берілді.
«Оның тәжірибелік жұмыстары экономика, қаржы, макроэкономика мен әлеуметтік саладағы жұмысты өз тізгінінде ұстайды деп үміттенеміз», - деді Президент.
Ақбота Күзекбай