• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Президенті депутаттарға қарқынды әрі сапалы жұмыс істеулерін тіледі 04.09.2017

«Биыл жаңғырудың жаңа белестерін ашып, маңызды процестерді жүйелі іске асыруға кірістік. Жаңғыру процесі экономикалық, саяси және рухани бағыттар бойынша дамиды. Осы реформалардың негізінде біз «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына жетеміз және біздің түпкі мақсатымыз – ең дамыған 30 елдің қатарына ену. Еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықтың, келісім мен бірліктің арқасында біз біртіндеп барлық шыңдарды бағындырып келеміз. Егер де біз өз бірлігімізді сақтап қалатын болсақ, біз әлі де талай шыңдарға қол жеткіземіз деп ойлаймын», - деді Н. Назарбаев.

ҚР Президенті Парламент көздеген жұмыстардың қарқынды түрде орындалуы да зор үлес қосатынын атап өтті.  

«Өткен сессияда жемісті жұмыс атқарылды. Парламент 111 заң жобасының 84-ін қарап, қабылдады, қазір олар өз күшіне еніп, халық игілігіне жұмыс істеуде. Олардың арасында ҚР Конституциясына толықтырулар енгізу туралы заң да бар. Бұл – біз үшін қажетті негізгі заң және өте маңызды құжат. Сондай-ақ депутаттардың белсенділігі де жоғары деңгейде болды. Бір жыл ішінде сіздердің бастамаларыңызбен 15 заң жобасы әзірленді. 17 үкімет сағаты мен 7 парламенттік тыңдау аясында билік тармақтары аса маңызды мәселелер бойынша нәтижелі өзара іс-қимыл жасады. Палаталардың бірлескен отырыстарының, үкімет сағаттарының онлайн көрсетілімі Парламент қызметінің ашықтығын және оның халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етті. Үшінші сессияда да осы игі дәстүрлерді жалғастырып, қарқынды және сапалы жұмыс жүргізу қажет», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

ҚР Президенті сондай-ақ әлі де көптеген міндеттерді атқаруға тура келетінін айтты.

«Көзделген міндеттердің одан әрі іске асырылуын заңнамалық түрде қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ жан-жақты жаңғыртудың мәні мен мақсаттарын түсіндіру, ол бойынша жұмыла жұмыс атқару негізгі міндеттер болып табылады. Депутаттар билік тармақтарымен және халықпен тығыз өзара іс-қимыл жасап, оларға артылған сенімді ақтайтынына сенімдімін. Барлығына табыс тілеймін», - деді Елбасы.

Қайрат Жандыбаев

Фото Бауыржан Жуасбаев


Back to the list