• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Парламент өз жұмысын бастады 04.09.2017

«Құрметті депутаттар, Үкімет мүшелері, барша қатысып отырғандар, ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес VI сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді ҚР Президенті.

ҚР Президенті депутаттарды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтап, жұмысты жаңа күшпен одан әрі жалғастыруларын тіледі.

«Сіздерді жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын. Жаңа сессияны жаңа күшпен, жаңа ойлармен бастаймыз деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, 28 маусым күні Сенат депутаттарын сайлау өтті, ҚР Конституциясына сәйкес Парламенттің жоғарғы палатасының құрамы жаңарды. Барлық өңірлерде сайлау өтіп, жаңа депутаттар сайланды, алдағы 6 жылда олар халық игілігіне жұмыс істейді. Жаңадан сайланған депутаттарды жаңа қызметімен құттықтаймын және табыс тілеймін», - деп тіледі Елбасы. 

Қайрат Жандыбаев

Фото Бауыржан Жуасбаев


Back to the list