22.08.2017
М.Көбенов аудан орталығы Ақтоғай селосында өндіріс нысандарын аралап, «Ақтоғай-Агро» фирмасының суармалы жерлер мен егіс алқаптарында болды. Ақтоғай ауданының әкімі А.Әміринмен кездесу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
«Сенатор Ақтоғай ауылдық округының Приреченск ауылында және Разумов ауылдық округының Андрияновка селосында болып, әкімдік қызметкерлерімен, ауылдық округтерден сайланған депутаттармен және жұртшылықпен кездесті. Осы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және жылдың барлық мезгілінде сумен қамтамасыз ете алатын су құбырының құрылысы туралы мәселелер талқыланды», - делінген хабарламада.
Ауыл тұрғындары сумен қамтамасыз ету жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылық білдірді.
Сенатор Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округын аралау барысында тұрғын үйлерге су құбырын жүргізу, сондай-ақ Панфилов мектебіне модульдік қазандық орнату жұмыстарымен танысты. Ауыл әкімі А. Кәрібаев тұрғын үйлерге ауыз су жеткізу жұмыстары 70 пайызға орындалғанын айтты.