16.08.2017
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, олар аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, өлкенің тыныс-тіршілігімен танысты. Ең әуелі халық қалаулылары «Бурное Солар» күн электр стансасында болды.
Аталған нысан Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы болып табылады. Қазіргі кезде оның қуаттылығы 50 мегават болса, 2018 жылы оны екі есеге арттыру көзделіп отыр.
Бұл өз кезегінде 30 мың үйді жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті.Жобаның жалпы құны - 23,5 миллиард теңгені құрайды, бүгінде нысанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Одан әрі депутаттар аудандағы «Гамбург», «Бурное сүт компаниясы» серіктестіктерінде болып, Жуалы ауданының «құрметті азаматтары» аллеясына барды.