04.08.2017
Іс-шараның өткізілуі барысында адамдарды босатуға дейінгі әлеуметтендірудегі шетел мемлекеттерінің тәжірибесі, жергілікті полиция мен пробация қызметі арасындағы өзара іс-қимыл, пробация қызметінің жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және басқа да сұрақтар талқыланды.
Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, халық қалаулылары аталған департамент қызметкерлерінің көтерген мәселелерін назарға алып, оларды республика деңгейінде көтеруге уәде берді. Атап айтқанда, бүгінде пробация қызметінің штаттық құрамында психолог жұмыс орнының болмауы мәселесі.
Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарды аралады. Депутаттар аймақтағы мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін атап өтті.