• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Депутаттар Қызылорда облысындағы күріш өңдеу зауытында болды 17.07.2017

Зауытта 60 мың тоннаға дейін астық қабылданып, тазаланып, кептіріліп сақталады. Қазіргі күні шаруашылықтарды тұқыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.Өндіріс орнында күріш ақтау, тұқым дайындау цехтары, дайын өнімдер қоймасы, өндірістік техникалық зертхана толық жұмыс істеп тұр. Өндіріс орнының басшысы Манарбек Еспанов өңірдегі күріш тұқымын жаңғырту бағытындағы шаралар жайлы айтып өтті.  

Елімізде 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы қабылданды. Бір қуанарлығы, онда күріш дақылының бір гектарына берілетін субсидия сақталып қалды.

 Сонымен қатар жоғарғы өнімді қалыптастыру үшін күріш тұқымына берілетін субсидия көлемі өсті.

Абзал Ералиев бұл Сыр өңіріндегі күріш өнімін өсіріп, тұқым дайындаумен айналысатын шаруашылықтар үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау екенін атап өтті.

«Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС жұмысмен танысып, еңбек ұжымымен кездескен халық қалаулылары ауылшаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелерін ортаға салып, жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс тілектерді назарға алды.  

 


Back to the list